Біз үшін қарапайым пәтерде, кішкентай балаға көп қауіп төндіреді. Өз жасына байланысты, кішкентай балалар үнемі үлкендердің қарауын қажет етеді.
2020 жылғы 16 мамырда кешкі сағат 18:00 шамасында Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кентінде, Болашақ мөлтек ауданында орналасқан 3 қабатты тұрғын үйдің 2-ші қабатының терезесінен 2019 жылы туған бала құлап кеткені жөнінде хабарлама келіп түсті.
Терезеден құлаған бала Атырау облыстық балалар ауруханасына өте ауыр жағдайда жеткізілді.
Дәрігерлердің хабарлауынша, қазіргі таңда баланың жағдайы өте ауыр және тұрақты емес.
Жазатайым оқиғаның себебі кәмелетке толмаған балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырғаны болды.
Осы оқиға бойынша республикалық арналарға Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі С.С. Өмірзақов түсініктеме бере отырып, барлық ата-аналарды кәмелетке толмаған балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауға шақырды.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы бұл Атырау облысындағы терезеден құлау бойынша екінші жағдай.
Атырау облысы ТЖД ескертеді! Тек қана өз балаңызға, ата-аналардың тарапынан қырағылық қарым-қатынас қайғыдан құтылуға көмектеседі!
 
Атырау облысы ТЖД
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы