29 1 Қостанай облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс бөлімінің негізгі мақсаты азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін басқару органдарын бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайларды жоюға дайындау болып табылады. Сонымен қатар, бөлім жұмысында тыңдаушылар тобын азаматтық қорғау саласында даярлаудан немесе қайта даярлаудан өту үшін жасақтау маңызды орын алады.
Ағымдағы жылдың наурыз айының бірінші онкүндігінде Департаментте «Қалалық, аудандық (қалалық және ауылдық) Төтенше жағдайлар комиссиясының мүшелері» санаты бойынша тыңдаушыларды стационарлық оқыту жүргізілді.
29 2 Дәріс және сыныптық-топтық сабақтар барысында құқықтық мәселелерге, теориялық және практикалық дайындыққа «Дәрігерге дейінгі Алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларына үйрету» және «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде тұрғындар мен лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттері» тақырыптары бойынша ерекше көңіл бөлінді.
Оқу процесі азаматтық қорғау негіздерін білуді жетілдіруге, төтенше жағдайларда әрекет ету кезінде психологиялық тұрақтылықты қалыптастыруға бағытталған. Тыңдаушылар командалық-штабтық ойынның қатысушылары болды.
5 күндік оқу аяқталғаннан кейін белгіленген үлгідегі куәлік берілді.
 
Қостанай облысының ТЖД
Азаматтық қорғаныс бөлімі