27 VKO Vozn 1 ШҚО ТЖД бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау полковнигі Қанат Тұрдыбайұлы Әбділовке Семей қаласының әкімі Ермак Салимов қала игілігіне жүргізген төтенше жағдайлардың алдын алудағы ауқымды жұмысы үшін «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісін берді.
Бірлескен жұмыс 5 жыл бұрын Ермак Бидахметұлының Семей қаласына әкім болып тағайындалғаннан басталған болатын. Осы жылдары біршама шаруа жасалды.
27 VKO Vozn 2 Семей қаласының әкімі Қанат Әбділовтың қалалық ТЖ басқармасының бастығы лауазымындағы жұмысы туралы айтты, ол қаланың жылумен қамту обектілерінің авариясыз жұмыс істеуін қамтамасыз етті, бұл өз кезегінде қаладағы жылу желілерінің ірі апаттарына жол берілмеді. Жергілікті атқарушы органдармен, Семей қ.Гидрометеобюро, Қазселденқорғаумен бірлесіп су тасқыны кезінде су басуға жол бермеу бойынша сәйкесінше шараларды қабылдау үшін өзендерге мониторинг жүргізді, мұз жағдайы мен қар қорына талдау жасады.
Өрт сөндірудің 6 тірек пунктінің және саны 343 адамы бар 42 ерікті өрт сөндіру құралымының ашылуына ықпал етті, сондай-ақ әкімдік алдында Семей қаласының су басатын аудандарындағы арық және дренажды жүйесінің су өткізу қабілетін жақсарту туралы мәселелерді көтерді.
2018 жылғы су тасқыны қауіпті кезеңде Ертіс өзеніндегі су деңгейінің көтерілуімен байланысты ТЖ жоюға басшылық етті. Ермак Салимов ШҚО ТЖД бүкіл ұжымы алдында Қанат Әбділовтың жұмысына алғыс білдіріп, бұдан әрі де ынтымақтастыққа сенім білдірді.
 
ШҚО ТЖД