24 PVLDr TSU 1 2020 жылғы 20 ақпанда Республикалық «Көктем-2020» командалық-штабтық оқу-жаттығуға дайындық шеңберінде 2 Павлодар шағын ауданында Павлодар қ. ТЖ басқармасының ұйымдастырған «2 Павлодар шағын аудан аумағында еріген қардын суының еруі және жер асты суларының деңгейін көтеру қаупін алдын алу және жоюына Павлодар қ. басқару органдарының іс-қимылы мен азаматтық қорғау күштерін тарату» тақырыбы бойынша арнайы тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.
2020 жылғы наурыздың бірінші онкүндігінде температураның көтерілуі нәтижесінде қатты қар еріп, су басу қаупі туындады, 2 Павлодар шағын ауданындағы жекелеген тұрғын үйлер мен олардың шаруашылық құрылыстарының су басу қауіпі төнді, нәтижесінде адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндірді.
Оқу-жаттығу барысында комиссия төрағасының шешімі бойынша алдын алу және ТЖ жою штабы құрылды, Мемлекеттік технологиялық колледждің ғимаратында, қаланың коммуналдық қызметтері жылу, су құбыры және кәріз магистральдарында аварияларды жоюды іс жүзінде пысықтады, сондай-ақ 2 Павлодар шағын ауданының көшелерінен қар тазаланды және шығарылды.
Оқу-жаттығуға жеке құрамның 40 адамы 30 бірлік техника жұмылдырылды. Тактикалық-арнайы оқу-жаттығуларға қатысқан қызмет, шаруашылық нысандары белгіленген мерзімде тапсырмаларды орындады. Тактикалық-арнайы оқу-жаттығудың мақсаты мен міндеттері орындалды.
 
Павлодар қ. ТЖБ
азаматтық қорғаныс тобы