24 VKO motop 1 Шығыс Қазақстан облысындағы қыс мезгілінде жиналып қалған қалың қар, қар түріндегі жауын-шашынның молынан түсуі су тасқынына әкеліп соғуы ықтимал. Сондықтан оқиғаның осылайша дамуына ТЖ қызметі 100 пайыз дайын болуы қажет.
Өрт сөндіру қызметінің бөлімшелерінде су тасқынына ұдайы дайындықта болуы мақсатында жарақтанудағы тасымалды және тіркемелі мотомпомпаларды, үрлемелі және металл моторлы қайықтар, арнайы жарақтар мен киім-кешекке тексеру жүргізілуде.
Қызметтің жарақтануында 184 мотопомпа бар, оның 169-ы тасымалды және 15 тіркемелі, олар қазіргі таңда жұмысқа толығымен дайын.
Өрт сөндіру қызметі жеке құрамына арнайы жабдықпен және жүзу құралдарымен жұмыс істеу дағдылары, сондай-ақ су тасқыны мен су басу кезіндегі авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар жүргізу кезіндегі іс-қимылдар бойынша сабақтар жүргізіледі.
 
ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ