25 Kostan TV Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері облыстық «Алау» телеарнасында «Сұхбат» бағдарламасында тікелей эфирде сөз сөйледі. Телекөрермендерге қысқы ТЖ салдарын жою және алдын алу бойынша құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің жұмысы туралы айтып берді.
Қостанай облысының ТЖД АҚ бөлімінің офицері майор Нұрбек Найзатаевтың айтуынша, қазіргі қыс өте қар болып, қостанайлықтарға үлкен қауіп төндірді. Әсіресе құтқарушылар үшін қаңтардың үшінші онкүндігі ыстық болды. Облыстың үлкен аумағында 2020 жылдың 23-і және 31-і қаңтар аралығында ауа райының нашарлауына байланысты автожолдарда және трассалардан алыс елді мекендердің тұрғындарына қауіп төніп тұр.
Аймақ тұрғындары ұялы байланыс операторларынан дауылды ескерту туралы ақпаратты СМС-тарату, теледидарда, әлеуметтік желілер мен интернет сайттар арқылы, сондай-ақ Darmen мобильді қосымшасы арқылы бірнеше рет алды.
2020 жыл 23 қаңтар Департаментте жедел штаб құрылып, азаматтардан қоңырау шалу үшін жедел желі ашылды.
Ағымдағы жылдың 23-31 қаңтар аралығында облыстың автожолдарындағы қозғалыс 22 рет шектелді. Барлығы 2019-2020 жылдардың қысқы кезеңінде (қараша-қаңтар) облыстың автожолдарында 42 авариялық-құтқару операциялары жүргізілді. Қар құрсауынан 67 бірлік жеңіл және 7 бірлік жүк көлігі шығарылды, 335 адам құтқарылды.
ТЖД ЗҚҚА және АҚСББ бас маманы, азаматтық қорғау майоры Айдос Ахметов өз сөзінде 2018 жылмен салыстырғанда 2019 жылы өрт санының 10%-ға төмендегенін атап өтті. Алайда, өрт кезінде қаза болғандардың өсуі 2 еседен артық (10/22) өскенін көрсетіп отыр. Сондықтан өрт қауіпсіздігі айлығы аясында ведомство мамандары алдын алу жұмыстарын күшейтеді. Тұрғын үй секторындағы бірлескен іс-шараларға барлық мүдделі қызметтер, сондай-ақ үкіметтік емес сектордың өкілдері тартылды.
Халықтың әлеуметтік осал топтарының 9 673 тұрғын үйі есепке алынды. Профилактикалық іс-шаралар барысында 31 908 азаматқа нұсқау берілді.
Эфирдің қорытынды бөлімінде облыстық ведомство өкілдері телекөрермендермен бағалы ұсыныстармен бөлісті. Қостанайлықтар қысқы төтенше жағдайлардың кепіліне айналмауы үшін, жылу кезеңінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау керек және ауа-райының нашарлауы туралы SMS-хабарлама алған кезде ұзақ сапар жасамау керек.
 
Қостанай облысының ТЖД
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы