28 Aqtobe volont 1 2020 жыл Волонтер жылын кеңінен насихаттау мақсатында «АҚ ЖОЛ» Қазақстан Демократиялық партиясы Ақтөбе облыстық филилалы және Ақтөбе медициналық колледжінің ұйыдастыруымен «Күт мені, мен – волонтермын» атты шарасы өткізіліп, оған Ақтөбе облысының ТЖД қызметкерлері де атсалысты.
Шара барысында жас еріктілерге облыс аумағында авариялық-құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстарына құтқарушылармен бірге волонтерлердің де атқарған жұмыстары жөнінде мәлімдеме беріліп, «Қызыл Жарты Ай қоғамы» облыстық филиалы, «Zello-Poisk», «X-terra», «Auto help» және т.б. волонтерлік ұйымдардың төтенше жағдайлар саласына қосқан үлестері жеткізілді.
Кездесу нәтижесінде аталған шаралар барлық білім беру мекемелерінде өткізілетіні және облысымыздағы волонтерлік қозғалысының дамуына үлес қосатыны айтылып өтті.
 
Ақтөбе облысының
ТЖД ЗҚҚАжАҚСББ