14 SKO vnim vsem 1 Метеорологтардың болжамы бойынша ағымдағы жылдың наурыз-сәуір айларында Солтүстік Қазақстан облысының аумағында ауа райы күрделі метеорологиялық жағдайлармен сипатталады. Боран үлкен қар жаууымен және ауа-райының жоғарлауымен кезектеседі, бұның бәрі міндетті түрде кәсіпорындар мен халықтың тіршілігіне әсерін тигізеді.
Осыған байланысты Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті қысқы және көктемгі кезеңдегі ТЖ алдын алу және жою бойынша іс-қимылдарға дайындық іс-шараларын алдын ала бастады. Солтүстік Қазақстан облысының азаматтық қорғаныс негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес Тимирязев ауданының Тимирязев селосында «Қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлар туындаған кезде (боран, қар ұйтқысы, қар құрсауы) халықтың жүріс-тұрыс қағидасы» тақырыбы бойынша командалық-штабтық оқу-жаттығу, сондай-ақ алдағы су тасқыны кезеңіне Тимиярзев ауданының басқару органдарын, күштері мен құралдарын тексеру өтті.
14 SKO vnim vsem 2 Оқу осы жанрдағы барлық канондардан - жергілікті тұрғындарға «Баршаның назарына!» сигналын берумен басталды. Одан кейін аудан әкімдігінде ауданның азаматтық қорғаныс бастығы - аудан әкімі Нұрлан Мұратұлы Кеңесовтың басшылығымен мәжіліс өтті. Кеңеске Департамент өкілдері, облыстық және аудандық азаматтық қорғау қызметтерінің өкілдері мен бастықтары, сондай-ақ ауданның коммуналдық-техникалық және авариялық-құтқару құралымдарының басшылары қатысты. Отырыста борандар, ұйтқы қар, қар құрсауына, сондай-ақ су тасқыны кезеңіне дайындық, қар тазалайтын техниканың болуы мен жай-күйі, инертті материалдар қоры, сондай-ақ ерекше назар аударуды талап ететін басқа да бірқатар іс-шаралар қаралды.
Практикалық жаттығу Тимирязев ауданының шұғыл әрекет ету жиынтық жасағының қарауынан басталды, ол 44 бірлік техника мен жеке құрамның 126 адамы тұрады. Одан кейін аудан орталығының көшелері мен үйлерінен қар шығару, сондай-ақ республикалық, облыстық және аудандық автожолдарды тазалау бойынша практикалық іс-шаралар өткізілді. Негізгі екпін жалғыз тұратын зейнеткерлерге, сондай-ақ су тасқыны қаупі бар көшелерде орналасқан аула аумақтарында шоғырланған.
Қар кептелісіне түскен адамдарды шартты түрде эвакуациялау жүргізілгеннен кейін эвакуациялық бекет ашылды, апат әсерін бастарынан кешкен тұрғындар жылы көрпемен және ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Су тасқынына қарсы аудандық штаб тұрғындарға көктемгі су тасқыны кезінде өрт қауіпсіздігі және жүріс-тұрыс қағидаларын жеткізу мақсатында аулаларды аралап шықты.
Оқу-жаттығудың қорытындысын шығару барысында барлық жұмылдырылған лауазымды тұлғалардың, азаматтық қорғау қызметі мен ауданның құралымдары өкілдерінің жұмысында үйлесімдігі атап өтілді. Әрбір лауазымды тұлғаның, шешім қабылдаған және кез келген ауа-райы жағдайында төтенше жағдайлар кезінде міндеттерді тікелей орындайтын адамдардың қосқан үлестері бағаланды.
 
СҚО ТЖ департаментінің
Азаматтық қорғаныс бөлімі