20 Atyrau 1 Бүгінгі күні су тасқыны табиғи сипаттағы ең қауіпті төтенше жағдайлардың бірі болып табылады.
Атырау облысы бойынша су тасқыны жағдайы тұрақты. Алдын ала консультативтік гидрологиялық болжамға сәйкес Атырау облысының өзен бассейндеріндегі ылғал қорының көлемі орташа көпжылдық нормадан 25-30% төмен.
Ал Қазақстан Республикасының солтүстік және орталық облыстарында жауын-шашын мөлшері орташа жылдық нормалардан асады. Осыған байланысты төтенше жағдайлар комитеті құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын көрсету үшін күштер тобын құрды.
Облыс аумағында су тасқынын жоюға арналған күштер мен құралдардың Атырау облыстық тобы Қазақстан Республикасының басқа да су тасқыны қаупі бар өңірлеріне көмек көрсету үшін тартылуы мүмкін.
Алайда, осыған қарамастан, су тасқынын жоюға тартылған күштер мен құралдардың дайындығын тексеруді алдын ала жүргізу қажет.
Атырау қаласында 2020 жылғы 10 ақпанда сағат 15:00-де Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары подполковник А. Ержановтың басшылығымен облыс аумағында су тасқынын жою үшін тартылатын күштер мен құралдардың облыстық топтарының байқауы өткізілді.
Күштер мен құралдар топтамасының байқауына "өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ, "Апаттар медицинасы орталығы" ММ филиалының қызметкерлері қатысты.
Қарауда тек жеке құрамның дайындығы ғана емес, сонымен қатар арнайы техниканың техникалық жағдайы да тексерілді. Атап айтқанда, өрт мотопомпалары мен жүзу құралдары (қайықтар, катерлер).
 
Маңғыстау облысы ТЖД
Азаматтық қорғаныс бөлімі