1989 жылғы 15 ақпан, тура 31 жыл бұрын Ауғаныстаннан кеңес әскерінің шығарылуы аяқталды. Ауғаныстандағы соғыстан 22296 қазақстандық өтті, соның ішінде 924 Отанына оралмады, 21 хабарсыз кетті, ал 1015 адам мүгедек болып қалды.
Сол сұмдық соғыстан біраз солтүстікқазақстандықтар еліне оралмады. Өздерінің әскери міндеттерін ерлікпен атқарғандар туралы есте сақтау біздің міндетіміз.
Өшпес патриоттық сезімі бар нағыз батырлар әлі күнге дейін өз мемлекетінің игілігі үшін қызмет атқарып жүр. Бүгінгі таңда біздің облысымызда Ауғаныстан соғысының екі ардагері өрт сөндіру қызметінде еңбек етіп, азаматтарымыздың қауіпсіздігін сақтап жүр.
21 SKO DAf 1 1987 жылы он сегіз жасар Қанат Майсейітов әскер қатарына шақыртылды, Мәскеу шекара жасағында, тәжікстан-ауғаныстан шекарасында қызмет атқарды. Қатардағы жауынгер Ауғаныстандағы соғысқа жауынгерлерді қабылдап жатқанын естіп, бірден сол жерге баруға өз ниетін білдіреді. Қанат Біржанұлы мандат комиссиясын өтіп («сарбаздардың көбі бұл комиссиадан өте алмады», — деп еске алады ол), өз еркімен соғысқа аттанады. Қанша жыл өтті, сол жерде болған жайттарды еске алу да жүрекке инедей тиеді, дегенмен Канат Майсейітов өз тандауына еш өкінбейтінін айтады. «Ауғаныстанға бару қорқынышты болмады ма?» деген сұраққа Қанат Біржанов, жоқ, деп жауап беріп, ол жерге патриоттық сезімнің болғанын және Отанына деген міндетін бергісі келетінін айтады.
2005 жылдан 2017 жылға дейін Қанат Майсейітов Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өрт сөндірушісі болды, 2018 жылдан бастап Өрт сөндіру қызметінің техникалық бөлімінің маманы болып ауысты. Қанат Біржанұлы Ауғаныстан соғысына қатысқаны үшін «Медаль от благодарного афганского народа» меделімен марапатталды. Қанат Майсейітов 2013 жылы мемлекеттік марапатқа ие болды: елордада Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан «Ерлігі үшін» медалін алды. Мұндай үлкен марапатты ол өрттерді сөндіргені және Мамлют қаласындағы тұрғын үйдегі өрттен адам өмірін құтқарғаны үшін алған болатын. Қанат Біржанұлы Отанына деген махаббатын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы Әскери институтын тәмамдап, қазірде еліміздің оңтүстігінде қызмет атқарып жүрген өзінің ұлына табыстады.
21 SKO DAf 2 Тағы бір солтүстік қазақстандық ардагер Алмат Үмбетов дәл осылай, он сегіз жасында әскерге шақырылып, 1984 жылдың сәуірі мен 1985 маусымы аралығында Ауғаныстанда қызмет етіп, онда өте қауіпті лауазымда —атқыш болды. Қызметін атқару кезеңінде Алмат Қажымұханұлының ел алдындағы еңбегі үшін көптеген марапаттаулармен марапатталды: «Медаль от благодарного афганского народа» медалімен, «Интернационал-жауынгер», «Жауынгерлік айбыны үшін» төс белгілерімен марапатталды. Бүгінгі күнге дейін Алмат Үмбетов Аққайың ауданының Смирново аулындағы 9-ӨСБ өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші-қызметкері болып жұмыс істейді. Сонымен қатар Алмат Қажымұханұлы III,ІІ дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызмет үшін» медалімен марапатталды. Алмат Үмбетов үлгілі отағасы — үш бала тәрбиелеп, қазірде екі немересіне жинаған тәжірибесімен бөлісіп жүр.
Қанат Біржанұлы дәртүр бойынша 15 ақпан ескерткіш стеласына барады. Бұл күні барлық «ауған соғысына қатысқандар», тіпті өз кезінде Петропавл қаласынан жақын шетелге көшкендер де сол жерде жиналуға тырысады. Осындай кездесулер қаза тапқан жолдастарының ерліктеріне бас иіп, армиялық қызметтегі жылдарын еске алу үшін өткізіледі.
 
 
«СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы