23 Alm Obl PTU 1 Алматы облысы Қарасай ауданында «Алтын Орда» базарының қоймаснда Алматы облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі қызметкерлерінің күшімен ұйымдастырылған ауқымды түнгі өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті.
Осылайша, 2020 жылдың 5 ақпанында тактикалық ой бойынша жалпы ауданы 730 ш.м. дайын өнімдердің қоймасында өрт болды, объект персоналынан күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына осы өрт туралы хабарлама келіп түскеннен кейін шартты өртті сөндіруге тез арада жоғары дәрежелі күштер мен құралдар жіберілді. Оқу-жаттығу шынайы жағдайға барынша жақындатылған жағдайларда өтті.
23 Alm Obl PTU 2 Оқу-жаттығудың мақсаты: жеке құрамның тәуліктің қараңғы уақытында өрт сөндіру кезіндегі іс-қимылдарын пысықтау, сондай-ақ өрт кезінде объект әкімшілігімен және адамдар көп жиналатын объектілерде өрт сөндіру бойынша іс-қимылдарын пысықтау.
Шартты өртті жоюға Алматы облысы ТЖД жеке құрамынан барлығы 13 бірлік техника мен 65 адам жұмылдырылды, сондай-ақ Алматы қаласы ТЖД-мен өзара іс-қимыл жоспарына сәйкес 2 бірлік техника мен 10 адам жеке құрам жұмылдырылды. Сондай-ақ жедел әрекет ету қызметтері: полиция, су арнасы, аудандық электр желісі және жедел медициналық көмек бригадасы жұмылдырылды.
Алматы облысы ТЖД командалық-штабтық машинасы онлайн трансляцияны Алматы облысы ТЖД Дағдарыс орталығына ұсынды (Қарасай ауданынан Талдықорған қаласына).
Өткізілген оқу-жаттығу барысында өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері адамдар көп жиналатын объектілерде өртке қарсы күресуде өздерінің кәсіби дағдыларын көрсетті. Шартты өрт 48 минут ішінде сөндірілді.
 
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі