Принтерге шығару
24 Mang PTU 1 5 ақпан күні таңертең «Бәйтерек» сауда ойын-сауық орталығында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті.
Шартты өрт үшінші қабаттағы ойын залындағы ойын автоматтары жаттығу нысаны болды.
Адамдар көп шоғырланатын нысандарда өрттерді жоюдың өз ерекшеліктері бар. Олар қалың түтінденумен сипатталады. 24 Mang PTU 2 Оттың таралу жылдамдығы көбінесе материалдық құндылықтардың түріне, сондай-ақ жанғыш ораманың болуына да байланысты. Өрттің алғашқы кезеңінде жану айтарлықтай алаңға таралады, бөлменің орташа температурасы 200-300°С дейін көтеріледі, түтіннің көміртегі оксиді мен диоксидінің мөлшері өседі, түтіннің қарқынды бөлінісі, көрінудің төмендеуі, ғимараттың барлық ауданы бойынша және сауда залдарында таралуы орын алады. Бөлменің көлеміне, оның герметизациялау дәрежесіне және өрт жүктемесінің таралуына байланысты бастапқы кезең 5-40 минут жалғасады. Алайда адам үшін қауіпті жағдайлар 1-6 минуттан кейін-ақ пайда болады.
Өрт сөндірушілер пысықтаған негізгі міндеттердің қатарында «Бәйтерек» сауда ойын-сауық орталығының ерекшеліктерін зерделеу, адамдар көп шоғырланатын нысандарда өрт сөндіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, сауда-ойын-сауық орталығының қызмет көрсетуші персоналымен өзара іс-шара жүргізілді.
Қызмет бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Амирбеков Хаям атап өткендей: «бүгін шартты зардап шегушілермен бастама болды, оларды өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамы құтқарды. «Бәйтерек» сауда-ойын-сауық орталығында құлақтандыру жүйесі уақытында жұмыс істеп, адамдар ғимаратты тез арада босатты. Оқу-жаттығудың мақсаты орындалды».
Оқу-жаттығуға Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 7 бірлік негізгі және арнайы өрт сөндіру техникасы және 55 жеке құрамы қатысты.
24 Mang PTU 3 24 Mang PTU 3 24 Mang PTU 3 24 Mang PTU 3
 
Маңғыстау облысы ТЖД
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің
ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы