20 4imkent Білімді насихаттау және халықты қауіпсіз тіршілік ету шараларына оқытуды қамтитын төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жұмыста профилактикалық іс-шараларын өткізу маңызды бағыт болып табылады.
Сонымен бірге қауіпсіздік мәдениеті адамның өмір бойы қалыптасуы тиіс. Айта кету керек, балалар, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі, қауіпсіз тіршілік ету саласында білімі мен дағдыларының жоқтығынан төтенше жағдайлардан ең аз қорғалған халық топтарының бірі болып табылады.
Төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіз жүріс-тұрыс негіздерін оқыту мақсатында Шымкент қаласының мамандандырылған жасағының өрт сөндірушілері нашар еститін балаларға арналған интернатта қонақта болды. Азаматтық қорғау лейтенанты Бәйдібек Әбілқасым өз әріптестерімен балаларға улы газбен уланған кезде алғашқы көмек көрсету ережелері туралы айтып, өрт сөндіргішті қолдану тәртібін көрсетті. Сурдоаударманы оқу орнының оқытушылары қамтамасыз етті.
 
Н.Таукеев
Шымкент қ.ТЖД «ӨСАҚЖҚ» ММ-ның
мамандандырылған жасақтың бастығы