21 Astana K4S 1 23 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің төрағалығымен Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның шұғыл отырысы өтті.
Отырыста ТЖ департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Б.Сыздықов, Казгидромет өкілі және әкім орынбасары мен аудандық әкімдердің баяндамалары тыңдалды.
Отырыста астанадағы ауа-райына байланысты бүгінгі күннің жағдайы қаралып, коммуналдық, жедел ден қою қызметтердің күшейтілген тәртіпке көшу туралы тапсырмалар берілді.
Күн тәртібін қарау қорытындысы бойынша қалалық қызметтерге төтенше жағдайлардың алдын алуға және азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесінің тұрақты жұмыс істеуіне бағытталған нақты тапсырмалар берілді.
 
Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД