22 SKO k4S 1 Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Антон Федяевтің төрағалығымен өткен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысында 2019 жылғы Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің облыстық кіші жүйесі жұмысының қорытындыларына және 2020 жылға арналған жұмыс бағыттарына қатысты мәселелер кешені қаралды.
22 SKO k4S 2 Отырыс жұмысына ТЖ алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссия мүшелері, облыстың азаматтық қорғау қызметтерінің бастықтары, мүдделі мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшылары, ТЖ департаментінің жауапты қызметкерлері, Петропавл қаласы мен аудандардың әкімдері (бейнеконференция режимінде) қатысты.
А.Федяев сөз сөйлегеннен кейін СҚО ТЖ департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Рамиль Камалов баяндама жасады. Ол 2019 жылы ТЖ алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның 9 отырысы өткізіліп, онда 18 мәселе қаралып, 178 хаттамалық тапсырма берілгенін атап өтті. Аудандық комиссия деңгейінде 114 отырыс өткізілді, онда 188 мәселе қаралды. Сонымен қатар өңір үшін су тасқынына қарсы іс-шараларды дайындау, қысқы кезеңдегі ТЖ мен жылыту кезеңіндегі өрттердің алдын алу, ТЖЭ орнынан жедел ақпарат беру сияқты маңызды міндеттер шешілді.
ТЖ алдын алу және қысқы кезеңде жолдарда авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Отырыста облыстың Тимирязев, Айыртау және Ғ.Мүсірепов аудандарының әкімдері, «СҚО әкімдігінің жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасы» КММ басшысы Владимир Балахонцев тыңдалды.
Отырыс қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары өрт және ТЖ алдын алу, ағымдағы жылы азаматтық қорғау саласындағы жұмысты жақсарту бойынша пәрменді шаралар қабылдауға бағытталған барлық деңгейдегі басшыларға бірқатар тапсырмалар берді.
 
СҚО ТЖД
зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және
азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы