23 Mang PTU 1 Ақтау қаласындағы «Астана» сауда орталығы адамдар көп шоғырланатын нысан болғандықтан Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлерінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу дағдыларын игеріп алған орынға айналды. Мұнда жаттығатын өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті.
Тәжірибелік бөлім басталмас бұрын сауда орталығының қызметкерлері Ақтау өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлерін өрт сөндіру басшылары ретінде таныстыра отырып, нысанның көлемді-жоспарлы және техникалық ерекшеліктерімен таныстырды. Олар өрт сөндіру жүйесінің, өртке қарсы сумен жабдықтау жүйесінің жұмысы, өрт болған жағдайда электрмен жабдықтауды сөндіру тәртібі туралы айтты. Бұдан кейін өрт сөндірушілер дүкендердің, бутиктердің орналасуымен, ойын залынан шығу және әрбір қабаттағы эвакуациялық шығу орындарымен танысты. Әсіресе, 200 адамға дейін шоғырлануы мүмкін болатын екі кинотеатрға ерекше назар аударылды.
Содан кейін оқу-жаттығудың тәжірибелік бөлімін өткізуге команда берілді. Ол үшін өрт дабылы және өрт туралы хабарлау жүйесі іске қосылды. Шартты өрт ошағы 3-қабаттағы ойын залында болды. Онда жанатын материалдар болғандықтан, өрт тез тарала бастап қатты түтін пайда болды.
Дабыл іске қосылғаннан кейін, келушілер мен сауда орталығының қызметкерлерін эвакуациялау басталды. Эвакуациялау жұмыстары тез арада аяқталды. Сонымен қатар өрт туралы хабарлама күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына келіп түсті. Диспетчер нысанның сипаттамасын ескере отырып, күштер мен құралдарды 2-ші шақырту бойынша оқиға орнына жіберді. Оқиға орнына бірінші болып, 1-ші мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші қарауылы келіп жетті. Осыдан кейін 2-МӨСБ есептері көмекке жіберілді.
Алынған ақпарат бойынша, ойын залында адамдар бар болуы мүмкін. Барлауды жүргізу және адамдарды құтқару үшін газ-түтіннен қорғаушылардың буындары құрылды. Толық жауынгерлік жабдықтарда, түтікқұбырлардың желілерін төсеп, ең жоғарғы қабатқа көтерілді. Барлау барысында екі адам табылды және құтқарылды. Оларды Апаттық медицинасы орталығының дәрігерлеріне тапсырды. Содан кейін өрт сөндіру құрал-жабдықтарын беруі жүргізілді. Отпен күресу үшін өрт сөндірудің екі жауынгерлік аймағы құрылды. Оттың таралу жолдарында ең көп оқпан саны берілді. Көп ұзамай оқу-жаттығудың аяқталуы туралы белгі берілді.
Оқу-жаттығу барысында өрт сөндіру басшысы, өрт сөндіру штабы, Жауынгерлік аймақ, күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының жедел кезекшісі арасындағы байланысты ұйымдастыру пысықталды, өртке қарсы сумен жабдықтау көздерінің жарамдылығы тексерілді. Ғимарат жолдары мен кіреберісі зерттелді.
 
Маңғыстау облысы ТЖД
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің
ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы