30 Atyrau 1 2020 жылғы 13 қаңтарда Атырау облысы Бірік ауылындағы Б.Нысанбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектепте 5-6-7-8 сынып оқушылары арасында «Мұздағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбында сабақ өткізілді.
Қайғылы оқиғаларды болдырмау, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Атырау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ»ММ жедел құтқару жасағының құтқару бөлімшесінің құтқарушылары балаларға мұз айдындарындағы қауіпсіздік ережелері туралы толық мағлұмат берді.
Мұзға батқан адамға алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін үйретіп, дұрыс қатпаған, бетін қар басып қалған мұз үстінде сырғанауға және топталып тұруға болмайтынын қатаң ескертіп, жадынамалар таратты.
30 Atyrau 2 Балалар сабаққа белсене араласып, құтқарушылардан «Қашан мұз үстіне сырғанауға болады?» деп сұрап жатты. Құтқарушылар оларға төмендегі ережелерді үнемі естерінде сақтауды тапсырды:
- Қалыңдығы 7 сантиметрден жұқа болса, мұз үстіне шығуға;
- Мұз үстіндегі білмейтін жерлерге жағажайдағы жардан сырғанап түсуге;
- Тез су ағымы бар жерлерде, бұлақты жерлерде ойнауға;
- Мұз үстінен қауіпсіздік белгілері жоқ жерден өтуге;
- Мұздың қалыңдығы 25 сантиметрден аспайтын болса,мұз айдының жасауға;
- Егер де тәулік бойы ауаның температурасы құбылып тұрса, мұз үстіне шығуға, әсіресе түңгі уақыттарда шығуға тыйым салынады!
Жалпы сабақ барысында 200 оқушы қамтылды.
 
Атырау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ»ММ