18 PVLDr Volonters 2019 жылғы 5 желтоқсанда Дүниежүзілік Еріктілер күні мерекесіне орай Павлодар облысы бойынша Жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры Төлеген Айтбаев салтанатты түрде ТЖД жеке құрамына өңірдегі волонтерлік қозғалысқа қолдау көрсеткені үшін алғыс хат табыс етті.
Алғыс хат мәтінінде «Жастар жылы аясында Павлодар облысының еріктілер қозғалысының дамуына белсенді қатысқаны және елеулі үлес қосқаны үшін алғыс айтамыз. Сізге денсаулық және сіздің қиын еңбектеріңізге табыс тілейміз» деп айтылған.
ТЖ аумақтық органының ұжымы әр түрлі іс-шаралар, флэшмобтар мен акциялар өткізіп, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында халықпен профилактикалық жұмыстарға қатысуға тарта отырып, үкіметтік емес ұйымдармен белсенді өзара іс-қимыл жасайды. Жаз мезгілінде азаматтық қорғау қызметкерлерімен бірге су айдындарында, бау-бақшаларда, жеке тұрғын үй секторында рейдтерге қатысу кезінде қауіпсіздік шаралары туралы ақпарат жазылған парақшалар таратылып, халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ағымдағы жылдың басынан бастап азаматтық қорғау органдары еріктілермен бірлесіп, 7 мыңнан астам адамды қамти отырып, тұрғын секторды 2 мыңнан астам аралап шықты. Қолайсыз, аз қамтылған топтар мен халықтың қауқары аз топтары арасында 2 мыңнан астам адамды қамтыған 244 рейдтік іс-шаралар өткізілді.
 
А. Асқарова
Павлодар облысы ТЖД
Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және
азаматтық қорғау саласындағы бақылау
басқармасының бас маманы