15 PVLDr Dat4iki 1 Павлодар қаласының облыс орталығында жеке сектор барлық тұрғын үй қорының 40 пайызын құрайды, осы жағдайды ескере отырып, қалалық ТЖ басқармасының және басқа да бөлімшелердің қызметкерлері тұрғын үй иелеріне үнемі барып тұрады. Бұл жұмыс жыл бойы жалғасуда, бірақ жылыту кезеңінде тұрғындар арасында алдын алу жұмыстарына волонтерлер, жергілікті полиция қызметінің өкілдері, ТҮКШ және ауылдық әкімдіктердің қызметкерлері қосылады. Улы газ датчиктерін орнату жұмыстары өткен жылдың тамыз айынан басталды. Бірінші кезекте халықтың аз қамтылған және көп балалы топтарының, жалғыз тұратын қарт адамдардың үйлерінде.
15 PVLDr Dat4iki 2 Павлодар қ.ТЖБ қызметкерлері ағымдағы жылдың 6 желтоқсанында датчиктерді орнату бойынша кезекті акция өткізді. 25 дана аталмыш құралдар ТЖД-ға Қазақстан электролиз зауытынан тегін берілді. Көп балалы және аз қамтылған отбасылардағы, сондай-ақ жалғыз тұратын қарт адамдардың үйлерінде осындай 150 құрал кезең-кезеңмен орнатылатын болады. Көп балалы отбасы Даутовтардың отбасына қамқорлық көрсеткені үшін ТЖ қызметкерлеріне алғыс білдірді. "Енді мен тыныш дем аламын, ештенеден қорықпай ұйықтай аламын, жақында ғана бесінші баламен перзентханадан шығарылдым", - деді Әсия облыстық телеарнаның тілшілеріне. Аз қамтылған отбасының өкілі Әсемгүл Әбдиева да алғысын білдірді. Улы газды айқындау датчиктерін орнатқанға дейін және орнатқаннан кейін де мамандар құралды тұрмыста қалай пайдалану қажет екендігіне егжей-тегжейлі кеңес берді.
Іс-шараның негізгі мақсаты: пеш жылуын пайдаланатын қала азаматтарының назарын улы газдың қауіптілігіне аудару, халыққа жылу беру кезеңіндегі өрт қауіпсіздігінің қағидаларын түсіндіру.
 
Павлодар облысы ТЖД
Павлодар қаласы ТЖ басқармасы