19 Karaganda Kr Stol 1 2019 жылғы 5 желтоқсанда Қарағанды облысының ТЖ департаментінде қысқы кезеңде облыстың автожолдарында төтенше жағдайлар мен оқиғаларды жоюды ұйымдастыру мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өтті.
«Дөңгелек үстел» жұмысына жергілікті полиция қызметі басқармасының, «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ облыстық филиалының, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлын «Орталық» өңірлік қолбасшылығының 52859 әскери бөлімінің басшылары, Қарағанды қаласынан Жамбыл облысының шекарасына дейінгі «Алматы-Екатеринбург» республикалық маңызы бар автожолын қайта жаңарту бойынша жұмыстарды жүргізетін мердігерлік ұйымдардың өкілдері ("Казгерстрой" ЖШС, CITIC Construction Co..Ltd, «Синохайдро» Қытай корпорациясының Қазақстандағы филиалы), сондай-ақ ТЖ департаментінің аумақтық бөлімшелерінің басшылығы қатысты.
19 Karaganda Kr Stol 2 Дөңгелек үстел барысында басшылардың қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығы бойынша баяндамалары тыңдалды, проблемалық мәселелер талқыланды, өзара ақпараттандыру, жедел әрекет ету және ықтимал төтенше жағдайлар мен оқиғаларды жоюға күштер мен құралдарды тарту тәртібі анықталды.
19 Karaganda Kr Stol 3 Атап айтқанда, республикалық маңызы бар қайта жаңартылып жатқан автожол учаскелеріндегі қозғалысты шектеудің қосымша пункттері, тайғаққа қарсы материалдарды алдын ала себу орындары, жылыту, тамақтану, тұру және жанармай құю бекеттеріне барынша жақын орналасқан көлік құралдарының тұратын орындары нақтыланды.
Кеңеске қатысушыларға «Дармен» мобильдік қосымшасы арқылы халықты ақпараттандыру тәртібі, соның ішінде автожолдарда көлік құралдарының қозғалысын шектеу туралы айтылды.
Кездесу конструктивті диалогта, соның ішінде мердігерлік ұйымдар өкілдерінің белсенді қатысуымен өтті.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша хаттамалық шешім қабылданды.
 
Қарағанды облысының ТЖД