20 Mang obxody Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері өрттердің, адамдардың қаза болуы мен жарақат алуының алдын алу үшін қысқы жылыту маусымы өрт қауіпті кезеңінде ауылдық елді мекендерде, жеке тұрғын үйлерде және оларға іргелес аумақтарда өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау жөнінде аулаларды аралады.
Бұл кезең, статистика бойынша, ең өрт қауіпті кезең болып табылады. Жеке тұрғын үйлердің иелері үйді жылыту үшін электр жылытқыштарын, жылу желдеткіштерін, пештерді белсенді жағып пайдалана бастайды. Сонымен бірге көбінесе өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзады. Өрттің негізгі себептері пештер мен түтіндіктердің ақаулығы, электр жабдықтарын пайдалану кезіндегі бұзушылықтар болып табылады.
Халықпен әңгіме кезінде қызметкерлер тұрмыстағы өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін, ашық отты пайдаланған кезде қырағылық таныту керектігін, пеш пен газды жылыту және электр құралдарын пайдалануда сақтану қажет екенін түсіндірді.
Мамандар өрт сөндіру тәсілдері, өрт кезіндегі іс-әрекеттер туралы айтып берді, халыққа 101 және 112 телефондарына тегін және оларға тіпті нөлдік баланс кезінде де қоңырау шалуға болатындығы туралы ақпарат жеткізді. Түсіндіру жұмыстарынан кейін газ пешін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы жадынамалар таратты.
Алдын алу науқаны Маңғыстау облысының тұрғындарына күзгі-қысқы кезеңде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттілігі туралы еске салу мақсатында өткізілді.
«Мұндай алдын алу жұмыстары біздің өрт сөндірушілер үшін таныс. Бұл біздің төрт жыл қатарынан өткізіп отырған жыл сайынғы науқан. Біз үшін тек өрт сөндiрумен байланыстырылатын жұмыс болып табылуы өте маңызды. Әр түрлі алдын алу жұмыстары – бұл елді мекендердің тіршілігін және халықтың әл-ауқатын қамтамасыз ететін маңызды құрамдас бөлігі», - деп атап өтті Қызмет бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Хаям Анверұлы Амирбеков.
 
Маңғыстау облысы ТЖД
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің
ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы