20 Turkestan Priem Ағымдағы жылдың 15 қарашасы күні Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Нұрғали Сырлыбайұлы Жунусовтың Сарыағаш ауданының әкімі ғимаратында жеке қабылдауы өткізілді. Сарыағаш ауданының тұрғындарына алдын ала жарияланған хабарландыру бойынша Сарыағаш ауданының бес тұрғыны жеке қабылдауына жазылған болатын.
1. «Шалғай елді мекендерге өрт сөндіру бекеттерін салу» туралы сұрағы бойынша Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауыл округі, Диханбаба ауылы, Жастар көшесі, №11 үй тұрғыны – жеке кәсіпкер Көбеев Қанат Мухтарович қабылданды;
2. «Жұмысқа қабылдау тәртібі жөніндегі сұрақтар» бойынша Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы, Майлықожа көшесі, №10 үй тұрғыны – азаматша Каюмова Алмагуль Рысбекқызы және ұлы Ержігітов Азамат қабылданды;
3. «Самал-3 мөлтек ауданында жаңадан табиғи газ қосылуына байланысты қауіпсіздік шаралары туралы» Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы, Самал-3 мөлтек ауданы, Қ.Пәрменұлы көшесі, №18 үй тұрғыны - азаматша Смаилова Нурипа Илясовна қабылданды;
4. «Сарыағаш ауданы мен Келес ауданы бөлінгеннен кейін Келес ауданындағы өрт сөндіру мәселелері» туралы Келес ауданы, Қошқарата ауыл округі, Жаңа қоныс ауылы, Б.Майлин көшесі, № 4 үй тұрғыны - ауыл биі Тұрымбетов Құрманғали Дәрібайұлы қабылданды;
5. «2012 жылы Сарыағаш ауданы, Жылға ауыл округі, Жылға ауылында су басу оқиғасы орын алған болатын, тағы да қайталануына жол берілмеуі бойынша және алдын алу шаралары» туралы Сарыағаш ауданы, Жылға аулы округі, Жылға ауылы, М. Есенбеков көшесі, №64 үй тұрғыны – Қойшыбаев Марат Оралбекұлы қабылданды.
Қабылдау барысында Төтенше жағдайлар қызметіндегі ең өзекті мәселелер талқыланып, азаматтардың арыз шағымдарымен, сұрақтарына толығымен әрі қанағатты түрде жауаптар берілді. Тұрғындар өздерінің көкейдегі сұрақтарына жауаптар алып, Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығы Нұрғали Сырлыбайұлы Жунусовке арнайы келіп, жеке қабылдау өткізгендігіне алғыстарын білдірді.
 
Түркістан облысы ТЖД
ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы