

Сонымен қатар, 4 практикалық іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілерін алдағы қысқы кезеңге дайындау бойынша іс-шаралардың орындалуы, электр және жылу жүйелерінің жарамдылығы, ТЖ жою үшін авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының техникалық жарақтандырылуы, жанар-жағармай материалдарының қоры, энергиямен жабдықтаудың резервтік көздері тексерілді.
Оқу–жаттығудың екінші кезеңі сағат 15.00–де пысықталды, Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылында қатты аяз және көктайғақ салдарынан туындаған республикалық маңызы бар Атырау-Ақтөбе автожолында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша практикалық іс-шара өткізілді.
Сағыз ауылдық округінде республикалық маңызы бар автожолда Ақтөбе-Атырау бағытында шартты оқу-жаттығу өткізілді. Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша практикалық сабақ ұйымдастырылды.
Аталған оқу-жаттығуға 50 адам, 2 УАЗ "Жедел жәрдем" автокөлігі, 2 Нива учаскелік полиция автокөлігі, 1 трактор, 1 ПАЗ автобусы, 1 УАЗ автокөлігі қатысты.
Одан әрі, оқу-жаттығудың үшінші кезеңі 6 қарашада сағат 10.00-де, Қызылқоға ауданының Сағыз ауылында «Сағыз» теміржол станциясында Ақтөбе-Атырау темір жолының көп қар басып кетуіне кедергі келтіретін электр желілерінің істен шығуына тартылған күштер мен құралдардың нақты мүмкіндіктері мен саны тексерілді. Нәтижесінде Сағыз ауылының екі жағында да ток көзі болмаған жағдайда осы мекеме 2-3 сағаттан тұрақты генераторлардың көмегімен ток көзімен кезекпен қамтамасыз ете алады.
Оқу-жаттығудың төртінші кезеңі тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу. Тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде (Атырау Жарық, ҚазТрансГазАймақ) қатты аяз салдарынан туындаған авариялық жағдайдың нәтижесінде орталық ауруханада электр және жылу көздері істен шықты, қалыптасқан жағдайдың нәтижесінде жылыту жүйелерін, шұғыл электрмен қоректендіру көздерін қалпына келтіру бойынша іс-қимылдарды пысықтау және эвакуациялық іс-шараларды өткізу және ұйымдастыру қажеттілігі тәртібі.
Оқу-жаттығуға барлығы 33 бірлік техника және 119 бірлік жеке құрам жұмылдырылды.
Барлық жоспарланған практикалық шаралар жеке құрамның жедел әрекет етуі және кәсібилігі нәтижесінде жоғары деңгейде өтті.
Атырау облысының ТЖД
Ішкі және сыртқы коммуникация тобы
Ішкі және сыртқы коммуникация тобы