30 Kyzyl orda efir Қызылорда облысының ТЖД Зілзалалардың қауіп–қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Бақтияр Тұрманов пен Кадр саясаты бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Марат Қобландиев «Qyzylorda» облыстық телеарнасында «Жаңа күн» бағдарламасының тікелей эфирінде сұхбат берді.
Сұхбат тақырыбы: Аз қамтылған, көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасылардың тұрғын үйлеріне көмірқышқыл газын анықтайтын датчиктер орнату тәртібі, облыста орын алған өрт оқиғалары және олардың алдын алу туралы, Көкшетау техникалық институтына оқуға қабылдау ережесі, өрт сөндіру автокөлігіне жүргізушілерді қызметке шақыру жөнінде өрбіді. Тікелей эфир барасында тұрғындар тарапынан сұрақтар қойылып, жауап берілді.
 
Қызылорда облысы ТЖД