24 SKO U4enie 1 2019 жылы 6 қарашада «Қыс-2019» РКШОЖ аясында Петропавл қаласы маңында « ЖЭО-2 жылы каналы» су айдынында СҚО ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ жедел-құтқару оқу-жаттығулары өтті. Жыл сайын адамдардың суда қаза болу фактілерін ескере отырып, суда болатын ТЖ және апатқа ұшырағандарды құтқару бойынша арнайы өткізіліп тұратын іс-шаралардың маңызы зор.
Ауа-райының күрт төмендеуіне байланысты, облыс бойынша су айдындарының беті қата бастағаны сөзсіз. Бірақ та бұл балық аулау әуесқойлары үшін еш кедергі емес. Дәл осы маусым айларында су айдындағы жазатайым оқиғалар саны бір шама артты. Жиі балықшылар судағы қауіпсіздік ережелерді сақтамай келеді, құтқару шеңбері және жилетінің яғыни, қарапайым қажетті жабдықтардың болмауы. Ал мұндай заттарды елемеу қайғылы жағдайларға алып келіп соғуы мүмкін.
Оқу-жаттығулардың басты мқсаты ТЖ орнында апаттық жағдайларға ұшырағандарды құтқарып және суға батушыларды іздестіру жұмыстар болды.
«Ең басты ТЖ ұшырамау үшін, қарапайым ережелерді сақтану қажет. Біріншіден, өздеріңізбен бірге әрдайым құтқару шеңберімен жилет болу қаже, және де олардың іске жарамдылығын тексеріп алғандарыңыз абзал. Егер де, сіз жазатайым қиғаның куәгері болып қалсаңыз, онда дереу жедел желі пультіне қоңырау шалыңыз», - деді өз сөзінде СҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Жедел - құтқару жасағының бас құтқарушысы Самат Ордабаев.
ТЖ құтқарушы жұмысындағы ең маңызды сапа ол ұжымдылық пен шапшаңдылық, өйткені адам өмірі оған тікелей байланысты. Оқу-жаттығу барысында олар осы қасиеттердің маңыздылығын тағы да растады, зардап шегушіге дереу көмек көрсетіп, қаза тапқан адамның денесін судан шығару барысында өз жұмыстары кәсіби тұрғыда орындап шықты.
Қорытындылай келе, әуесқой балық аулаушыларға судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауларын сұраймыз.
Статистикаға сүйенсек ағымдағы жылы облыс бойынша су айдындарында 12 адам қаза болып, 24 адам құтқарылды, оның 16-ы балалар.
Су айдындарында оқиға болған жағдайда «101» немесе «112» телефон шалыңыз.
 
СҚО ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы