13 Turkestan akcia 1 Өрттерді алдын алу мақсатында, сонымен бірге өрт қауіпсіздік ережелерін оқып және алдын алу шараларын білу бойынша халықтың назарларын жоғарылату үшін Түркістан облысында қазан айында «Өрт қауіпсіздік айлығы» басталды. Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментімен айлық барысында өрт болған кезде адамдардың қазасы мен жарақат алуының алдын алу бойынша іс-шаралар өткізілуде.
13 Turkestan akcia 2 Өрттердін негізгі шығу себептері электроқондырғыларды монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау, тұрғындардың отпен абайсыздығы, пештерді қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау, балалардың отпен ойнауы.
Айлық барысында ТЖД қызметкерлері «Жас Отан» жастар ресурстар орталығының еріктілерімен бірлесіп облыс аумағындағы тұрғын үйлерді аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Тұрғын үйлерді аралау кезінде тұрғындарға үйлерді және жеке қоңыстарды өртке қарсы қауіпсіз жағдайда ұстау керектігі туралы түсініктемелермен ұсыныстар берілді. Сонымен қатар халыққа әзірленген өрт қауіпсіздігі бойынша жадынамалар берілді.
Сонымен қатар, ақпаратты тиімді меңгеру үшін дауыс зорайтқыш байланысы бар арнайы көлікпен өрт қауіпсіздік шаралар туралы Түркістан қаласы көшелеріндегі халық құлақтандырылды.
Құрметті азаматтар! Өртті байқаған кезде ләзде шұғыл қызметтерінің «101», «112» нөмірлеріне хабарлаңыз.
 
 
Түркістан облысы ТЖД
ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы