15 SKO Bus 1 2019 жылғы 15-17 қазан кезеңінде Солтүстік Қазақстан облысы Департаментінің қызметкерлері полиция Департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, «Автобус» ЖААШ-на қатысты. Аталған іс-шараның мақсаты автобустардың жүргізушілеріне өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін жеткізу болып табылады.
«Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында жылыту, отын беру, қозғалтқышты майлау, электр жабдықтарын пайдалану және алғашқы өрт сөндіру құралдарының тиісті жағдайы тұрғысынан рейстік автобустардың техникалық жай-күйі тексерілді.
Автобус – жердегі қоғамдық көліктің ең негізгі түрлерінің бірі.
15 SKO Bus 2 Көлік құралдарының өрттері келесі себептер бойынша туындауы мүмкін:
- қоғамдық көлікте темекі шегетін адамдардың кінәсінен;
- электр сымдарының ақаулығы кезінде
- әдейі өртеу жағдайында
- көлік құралының тораптары мен механизмдерінің ақаулығы
Ақаулы көлік құралы үшін басты қауіп мотор бөлігіне оттегіні өрт ошағына қосатын жылдамдық болып табылады. Көптеген пластиктен, сымдардан және басқа да әрлеу материалдарынан тұратын заманауи автокөлік санаулы минуттарда жанады. Бұл ретте оны автокөліктік өрт сөндіргіштің көмегімен сөндіру мүмкін емес. Егер қатты жалын пайда болса, қауіпті аймақты тез арада тастап, машинадан мүмкіндігінше алыс кетуге тырысыңыз.
Автокөліктегі өртті алдын алу үшін келесі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет:
- қысқы кезеңде ауа температурасы төмен болған кезде автомобильді қыздыру үшін ашық отты қолданбау;
- аккумуляторды тікелей көлік құралында зарядтамаңыз;
- жарықтандыру үшін ашық от көздерін пайдалануға болмайды;
- отын бактарының аузы ашық көлік құралдарын қалдырмауға;;
- тек қозғалтқышқа ғана емес, сондай-ақ автомобильдің электр бөлігіне де техникалық қызмет көрсетуді мезгілсіз жүргізу;
- автокөлікті өрт сөндіргіштермен қамтамасыз ету.
Төтенше жағдайлар департаменті барлық автобус жүргізушілерін өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.
 
СҚО ТЖД зілзалалардың қауіп-қатерін азайту
және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы