23 Aqtobe Veteran 1 2019 жылғы 11 қазанда ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының Ақтөбе қаласындағы Оқу орталығында тәрбие жұмысы аясында «Өрт сөндіруші» санаты бойынша бастапқы оқыту курстарының тыңдаушыларымен кездесу және кіші басшы құрамды қайта даярлау (жоғары техникалық білім негізінде) «Қазақстан төтенше жағдайлар органдары ардагерлерінің Ақтөбе облысы бойынша ұйымы» ҚБ төрағасы Бегендік Таскентұлы Айткулов, еңбек сіңірген зейнеткерлер Серік Мехлисович Алтаев пен Малик Бахтығалиевич Зулкашевпен кездесу өтті.
23 Aqtobe Veteran 2 Кездесу барысында Б. Т. Айткулов, С. М. Алтаев, М. Б. Зұлқашев қызметтік борыш пен әдеп нормалары, тәртіпті сақтау туралы айтты, өртке қарсы қызметтің қоғамдағы рөлі, өрт сөндірушінің таңдаған мамандығының маңыздылығы туралы айтып, адал және лайықты азаматтар болуға шақырды.
Кездесу соңында тыңдаушылар зейнеткерлерге қызықты кездесу үшін алғыс айтып, естелік суретке түсті.
 
Ақтөбе қаласындағы Оқу орталығы