17 SKO Obu4enie 1 Төтенше жағдайлар күнделікті орын алып жатады. Міне осы кенет туындай қалатын оқыс оқиғалардан қалай қорғануға болады? Сол сұраққа жауаптарды Жамбыл ауданында азаматтық қорғау саласында оқыту шеңберінде іздеп көрдік.
Пресновка селосында қысылтаяң жағдайларда халықтың қалыпты тіршілігін қамтамасыз ету бойынша қажетті білім алу үшін селолық округ әкімдері, алғашқы әскери дайындық мұғалімдері, азаматтық қорғау құрылымдарының командирлері және аудандық эвакуациялық органдар мүшелері жиналды. 17 SKO Obu4enie 2 Алдымен сабаққа қатысушы тыңдаушыларға төтенше жағдайлар және азаматтық қорғанысқа қатысты нормативтік-құқықтық актілердің негізгі ережелері таныстырылды. Сондай-ақ, төтенше жағдайлар орын алған кезде қауіпті аумақтан халықты құтқару, көшіру және оларды уақытша баспана мен бірінші қажеттіліктермен қамтамасыз етуге қатысты ұйымдастыру құжаттары да тыңдаушылар назарына ұсынылды.
Зерделенген мәліметтерді игеру және оларды іс-жүзінде қолдана білу мақсатында, зардап шеккен халықты қауіпсіз аумаққа көшіру жұмысын ұйымдастыру тапсырмасын орындау үшін қабылдау эвакуациялық пунктінде командалық-штабтық жаттығуы өткізілді. 17 SKO Obu4enie 3 Аталған пунктің жұмысының бірінші кезектегі әрекеттерін Пресновка селосының мектеп-интернаты педогогтары құрамы мен жұмыскерлері құрамындағы лауазымды тұлғалар көрсетіп берді.
Тыңдаушылар үшін қауырт сәтте өздеріне жүктелген міндеттерін ауданның тиісті азаматтық қорғау қызметтерімен үйлесімді түрде өзара іс-қимыл жасау арқылы тиімді шешу әрекеттерінің көрсетілуі өте мол ақпарат берді.
Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Джомарт Мәмбеталиновтың өзі сабақтарға және командалық – штабтық жаттығуға қатысты. Джомарт Мантайұлы оқыту іс-шараларының қорытындысында қатысушылардың алдында сөз сөйледі: «Азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау мемлекеттік маңызы бар іс. Республикамыздың әрбір азаматының қауіпсіздігін қамтамсыз ету Ата заңымызда көрсетілген. Сондықтан біздің солтүстік өңірдегі қатал қыс кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу, зардап шеккендерді дер кезінде құтқарып, көмек көрсету біздің басты міндетіміз. Сол үшін сіздер бүгін осы саладағы теориялық білімді тәжірибеде бекітіп отырсыздар». Іс-шара соңында тыңдаушыларға сертификаттар тапсырылды.
 
Қуат Махметов,
СҚО ТЖД Азаматтық
қорғаныс бөлімнің
аға офицері, капитан