19 SKO pered 2019 жылғы 7 қазанда облыстық «Qyzyljar»телеарнасының «Сұхбат» бағдарламасында «Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментінің» қадр жұмысы бөлімінің аға инспекторы, азаматтық қорғау майоры Жазира Құрманқызы сөз сөйледі. Бағдарламаның басты өзекті мәселесі жасөспірімдердің ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтына оқуға түсуге насихаттау бойынша кәсіптік бағдарлану жұмысы болды.
Жазира Құрманқызы бағдарлама жүргізушісі Айгүл Сұлтанқызының сұрақтарына жауап бере отырып, ЖОО талапкерлеріне оқуға түсу шарттары мен талаптары, өртке қарсы қызмет офицерлеріне мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктер мен мамандықтың сұранысқа иелілігін ерекше атап кетті. Азаматтық қорғау органдарына түсу талаптары, төтенше жағдайлар жүйесін жас мамандармен толықтыру үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы егжей-тегжейлі тоқталып кетті. Сондай-ақ ол жүргізуші лауазымынадағы мамандардың жетіспеушілігін атап өттіп, жастарды азаматтық қорғау органдар қатарын толықтыруға шақырды,
Сонымен бірге ТЖ мен басқа да уақиғалардың алдын алу бойынша ақыл-кеңестер беріліп, «101» және «112» телефон нөмірлері келтірілді.
 
Аман Әуесханов
СҚО ТЖД
«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары» ММ
ішкі және сыртқы коммуникациялар тобының баспасөз хатшысы