25 SKO Altyn besik 1 Аптаның бірінші күнін Петропавл қаласының «Алтын бесік» балабақшасының тәрбиеленушілері естеріне ұзаққа сақтамақ. Бұл күні 15 бала директор Мәдина Дәрібаевамен бірге Заречный және Рабочий кенттерінің жеке үйлеріне барып, қызықты саяхат жасады. Өрт қауіпсіздігі айлығы аясында өткізілген бірлескен акция барысында ТЖ басқармасының қызметкерлері көпбалалы отбасы мүшелеріне өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріп, пештер мен электр жабдықтарды дұрыс пайдалануға, балалардың отпен ойнауына жол берілмейтіндігіне назар аударды.
25 SKO Altyn besik 2 Біздің балабақшаның тәрбиеленушілері осы маңызды ақпаратты қызығушылықпен қабылдады, ол көрнекі түрде көрсетілді – олар ӨҚЕ бұзушылықтарын көрді, оларды жою тәсілдері, өрт туындаған кездегі іс-әрекеттер туралы білді. Сондай-ақ олардың қатысуымен үйлерде өрт шыққан жағдайда иелеріне қауіп туралы хабарлайтын түтін датчиктері орнатылды. Офицерлер оттың қауіптілігі туралы айтып, балалардың отпен ойнауы, олардың салдары бойынша болған өрттердің мысалдарын келтірді.
«Біз балаларға от апатының қаупін көрсеткіміз келді. Бұл өте маңызды деп есептеймін. Өрт қауіпсіздігі мәдениетін бала жастан бастап үйрету қажет!»,- деді Мәдина Дәрібаева шара соңында. Ол балалармен бірнеше жыл жұмыс істеп келеді, Петропавл қаласы мәслихатының депутаты болып табылады, сондықтан солтүстікқазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде оның принципті ұстанымы үлкен маңызға ие.
 
Нұрым Омаров,
СҚО ТЖ департаменті
Петропавл қаласы ТЖ
басқарма бастығының орынбасары
полковник