21 4imkent Efir Ел өзінің батырларын білуі тиіс, сондықтан да «Ontustik» телеарнасының «Таң нұры» бағдарламасының кезекті шығарылымы өрт ержүрек сөндіруші-құтқарушыларға арналды. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Арыс қаласындағы салдарларды жою кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін батырлар «Ерлігі үшін» меділімен марапатталып, оны Қазақстан Республикасы Президентінің қолынан алды.
Өз істерін ерлікке баламайтын Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің аға инженері азаматтық қорғау лейтенанты Бексұлтан Ибадулла және мамандандырылған жасақтың өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау аға сержанты Жұмағали Құдайбергенов тікелей эфирде 24 маусымында Арыс қаласында орын алған жағдай туралы айтып берді.
Сонымен қатар олар өрт сөндіруші және құтқарушылардың батыл мамандығы туралы айтты. Бұл өрт сөндірушілер Арыс қаласындағы жарылыстың салдарын жоюға тікелей қатысты, олар халықты қауіпсіз орындарға көшіру және өрт сөндіру жұмыстарын жүргізді. Өмірге тікелей қауіптің болуына қарамастан, өрт сөндірушілер өз қызметтік міндеттерін батыл орындады.
Бағдарлама соңында азаматтық қорғау қызметкерлері көрермендерге күнделікті өмірде және тұрмыста өрт қауіпсіздігін қатаң сақтауға, сондай-ақ балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды.
 
Шымкент қ.ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару
жұмыстары қызметінің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы