30 PVLDR 1 «Бірліксіз істе береке жоқ» демекші кез келген ТЖ – бұл тек командалық жұмыс. Сондықтан Павлодар облысы ТЖ департаментінің психологтары Ақсу гарнизонының қызметкерлері арасында команда құру бойынша өте қызықты және пайдалы тренинг өткізді.
Команда құру team building (тимбилдинг) ағылшын сөзінен шыққан, бұл аудармада "команда құру" дегенді білдіреді.
Мұндай тренингтердің міндеті: бөлімшеде қарым-қатынасты жетілдіру, командалық жұмыстың артықшылықтарын көрсету, кері байланыс дағдыларын меңгеру, шешім қабылдау үрдісін жетілдіру, бөлімшеде әрбір қызметкердің рөліне құрмет көрсетуді дамыту, командада бірлескен жұмыс істеуден рахат алу болып табылады.
Команда құру бойынша Тренинг команда мүшелерінің табысты өзара іс-қимыл дағдыларын қалыптастыруға, нәтижеге жеке жауапкершілік деңгейін арттыруға, команда мүшелерінің арасындағы сенім мен қамқорлық деңгейін арттыруға, қатысушының назарын командаға аударуға, командалық рухты арттыруға мүмкіндік береді және жағымды көңіл-күй сыйлайды.
 
Павлодар облысы ТЖ департаментінің
ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы