28 SKO Skola Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің оқу сыныбында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының басшылары» санаты бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшы құрамымен азаматтық қорғау іс-шараларын орындау мәселелері бойынша оқу ұйымдастырылды және өткізілді.
Оқу барысында тыңдаушыларға Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының талаптарын түсіндіру, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша сабақтар өткізілді, адамдар көп жиналатын объектілерде өрт қауіпсіздігін сақтау шаралары түсіндірілді, байланыс және хабарландыру, сондай-ақ шомылу кезеңіндегі балалардың қауіпсіздігі мәселелері қозғалды.
Сабақ барысында балалар мен білім беру объектілері қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты өзекті мәселелер талқыланды. Департамент қызметкерлері суға түсу маусымы кезінде де, көп қабатты ғимараттардың терезелерінен түскен кезде де балалардың қаза болуы мен жарақат алуына, сондай-ақ басқа да ТЖ-ға байланысты соңғы жазатайым оқиғалардың мысалдарын келтірді. Тыңдаушылар танымдық ақпаратты, соның ішінде психологиялық және медициналық дайындық бойынша практикалық сабақтарды үлкен қызығушылықпен қабылдады.
Оқыту слайдтар, бейнероликтер, оқу құралдары арқылы көрнекі түрде берілді. Тыңдаушылар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.
Оқу қорытындысы бойынша 30-дан астам тыңдаушы азаматтық қорғау саласында даярлықтан (қайта даярлықтан) өткендігі туралы сертификат алды.
 
СҚО ТЖ департаментінің
Азаматтық қорғаныс бөлімі