19 Jambyl 1 «Өрт қауіпсіздік айлығы» аясында Тараз қаласы төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері және Жамбыл облысы «Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі» ММ қызметкерлері бірлесе отырып барлық білім беру мекемелерінде өртке қарсы объектілерді қорғау деңгейін арттыру және өрт сөндіру-құтқару ісін танымал ету бойынша профилактикалық жұмыстарын жүргізуде.
Осыған байланысты олар қалалық №1 мамандадырылған өрт сөндіру бөлімі және №4 өрт сөндіру бөлімінде мектептердің 9-10 сынып оқушылары үшін «Ашық есік күнін» ұйымдастырды. ТЖ қызметкерлерінің басты міндеті - балаларды штаттан тыс жағдайларда дұрыс жүріс-тұрыс пен өрт қауіпсіздігі ережелеріне үйрету.
Тараз қаласы төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері және Жамбыл облысы «Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі» ММ қызметкерлері балаларға мектепте және тұрмыста өрт шыққан кездегі қауіпсіздік шаралары туралы айтып берді, 112 шұғыл қызметтердің бірыңғай шақыру нөмірі, 101 өрт сөндіру қызметінің нөмірі туралы айтты. Өрт сөндірушілер қаланың өрт сөндіру қызметінің тарихы туралы айтып берді. Әрине, өрт-құтқару техникасының мүмкіндіктері де көрсетілді. Жауынгерлік киім-кешектің мақсаты туралы айтып берді. Әскери киімді киетіндер де жеткілікті болды.
Іс-шара соңында оқушылар Азаматтық қорғау қызметкерлерімен естелікке суретке түсті.
 
Тараз қаласы ТЖБ