22 Astana veterany 1 Азаматтық қорғау саласындағы тәрбие жұмыстарының мақсаты жедел қызмет барысындағы қажеттіліктер мен ерекшеліктерге негізделген қасиеттерге ие азамат, кәсіби маман, аса өнегелі қызметкерлерді қалыптастыру болып табылады.
Ағымдағы жылғы 13 қыркүйекте «Байқоңыр» ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының жеке құрамы тәрбие жұмыстары аясында және жас мамандармен тәжірибе алмасу мақсатында Ішкі істер министрлігінің құрметті ардагері, «Қазақстандық төтенше жағдайлар органдары ардагерлері ұйымы» қоғамдық бірлестігі төрағасының міндетін атқарушы ішкі қызметінің отставкадағы полковнигі Қуандық Құсайынұлы Есмағанбетовпен кездесу өткізді.
22 Astana veterany 2 Кездесу барысында құрметті ардагер өз тәжірибесімен, қызмет атқарған кездегі басынан өткізген шынайы оқиғаларымен бөлісті. Жас мамандарға қызығы мен қиындығы қатар келетін өртке қарсы қызметі, өрт қауіпсіздік инспекторы мамандығының қыр-сыры, өзі тікелей сөндіруге қатысқан өрт сөндіру жұмыстарында орын алған қиыншылықтары жөнінде әңгімелеп берді.
Кездесу соңында құрметті ардагер қызметкерлерге игілігі мол қызметте абай болуға, міндеттерін адал атқаруға шақырды.
 
Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД