28 ZKO iun spas 1 Бөрлі ауданының жалпы білім беру мекемелерінде жас өрт сөндірушілердің топтары бар. Олар өрт қауіпсіздігін оқыту, кәсіптік бағдарлауға көмектесу, өрт туралы және техникалық білімді насихаттау, сондай-ақ төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуді үйрену мақсатында құрылады.
Топтағы сабақтар балалардың өмір мен денсаулығының қауіпсіздігі үшін жауапты сезімін тәрбиелеуге көмектеседі, оған белгілі бір кәсіби және жеке басшылық береді. Бүгінгі таңда бұл қозғалыс жаңа деңгейге көтерілуіне байланысты, оның қатарына қыздар мен балалар көп келуде.
28 ZKO iun spas 2 Биылғы жылы да жас өрт сөндірушілер қатары толықтырылды. Оқу жылының барлық мерзімінде жас өрт сөндірушілер өз мектептерінде, балабақшаларда, өз шағын аудандарында өрттің алдын алу бойынша жұмыс істейді. Оқушылар буклеттер мен парақшалар таратып, қабырға газеттерін шығарып және түрлі профилактикалық рейдтер мен патриоттық іс-шараларға қатысады. Бөрлі аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі мен өрт сөндіру қызметінің №9,13,28 өрт сөндіру бөлімдері қызметкерлері өздерінің жас әріптестеріне өрт қауіпсіздігі, су қауіпсіздігі, Азаматтық қорғаныс туралы әңгімелеп, дәйекті әдістемелік бейнелерді көрсетіп, төтенше жағдайлар кезінде бастапқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану алгоритімін білуге, мектеп ғимаратынан эвакуациялануға үйретіп, өрт және құтқару техникасымен таныстырады.
28 ZKO iun spas 3 Өрт сөндіру пәндері бойынша көңілді тапқырлар клубы ойындарын ойнау жақсы дәстүрге айналды. Қатысатын командалардың даярлықтары жоғары деңгейде, стандартты емес тәсілмен талаптарды жеткізіп ойынды бірегей «өрт шоуына» айналдырады, осындай әрекеттер тек көптеген жағымды эмоцияларды ғана емес, сондай-ақ ережелер мен қауіпсіздік шаралары туралы көп білімді жетілдіреді.
Тұтастай алғанда, мұндай жұмыстардың өткізілуі Жас өртсөндіруші топтарындағы балалардың өз қауіпсіздігіне, сондай-ақ басқалардың қауіпсіздігіне жауапкершілкпен қарауға баулиды. Олардың көбі өрт кезінде адамдарға көмектесуді, өрт сөндірудің негізгі құралдарын біледі. Құтқарушылар, олардың арасыннан біздің мамандығымызға болашақта таланттары өсіп, өз тағдырларын жақсы іспен байланыстыратын болады деп үміттенеді.
 
БҚО ТЖД Бөрлі ауданы ТЖБ АҚ тобының офицері лейтенант Абаев Н.С.