23 Jambyl REiDy 1 Өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз ету – азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің басты тапсырмаларының бірі. Ағымдағы жылдың алдындағы жылыту маусымында, «Өрт қауіпсіздік айлығы» аясында Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының, Өрт сөндіру қызметінің, , «КазТрансАймақ» ЖӨФ АҚ қызметкерлері, «Жібек жолы» белсенді жастары волонтерларымен және жергілікті полиция қызмет қызметкерлерімен бірлесіп жеке сектордағы отбасы төмен тұратын тұрғындарымен аула аралау өткізілуде және жылыту маусым кезеңдегі өрт қауіпсіздігі іс шаралары туралы түсіндірілуде.
Аралау барасында үй тұрғындарына өрт шыққан кездегі алғашқы кезектегі әрекеттері, тұрмыстағы өрт қауіпсіздік шаралары жеткізілді. Жылыту пештерін, электр жабдықтарының газдық құрылғыларының күтіп-ұстайға және пайдалануға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар кішкентай балаларды үйде қараусыз қалдырмауға шақырды. Өрт қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтамау қайғылы оқиғалар тудыруы мүмкін.
Тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адамдардың өмірі мен денсаулықтарын сақтау мақсатында келесідей өртке қарсы іс-шараларды орындау қажет:
- ақауы бар немесе қолдан жасалған электр жабдықтарын пайдаланбаңыз, қосулы тұрған электр жабдықтарын қараусыз қалдырмаңыз;
- жылыту маусымы алдында пеш пен түтіндікті күйеден тазалаңыз;
- жанып тұрған пешті қараусыз қалдырмаңыз, жас балаларға жанып жатқан пешті қарауды тапсырмаңыз;
- отынды, басқа да жанғыш заттар мен материалдарды пеш алдына жақын орналастыруға тыйым салынады;
- заттарды, киімдерді пешке жақын кептірмеңіз;
- балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмаңыз.
 
Дархан Қалдырбек
Тараз қаласы ТЖБ бас маманы