26 Aqmola ustupi 1 2019 жылғы 10 қыркүйекте Көкшетау қаласында «Өрт сөндіру автокөлігіне жол бер» рейді өткізілді,оның мақсаты дыбысты дабылдағышы бар мамандандырылған автомобиль жақындаған кезде жүргізушілер мен жолдан өтушілерге дұрыс іс-әрекет жасау керектігі туралы естеріне салу.
Кез келген уақытта жолдарда шұғыл шақыру орындарына асығып қатты жылдамдықпен келе жатқан мамандандырылған өрт сөндіру және дабылдағышты сиренасы бар автомобильдерді көруге болады. 26 Aqmola ustupi 2 Өйткені, адамның өмірі мен денсаулығы оның жылдам жетуіне байланысты. Бірақ дабылдағыштарын жағып қатты жылдамдықпен асығып келе жатқан мамандандырылған автомобильдерге кейбір жүргізушілер біреудің өміріне қауіп төніп, өлімге әкеп соқтыруы мүмкін жағдайларды ескерместен жол бермей кедергі келтіреді.
26 Aqmola ustupi 3 Оперативтік қызметтерге шұғыл шақыру сигналы түскеннен кейін олар оқиға болған жерге шұғыл түрде жетулері керек. Қалалық көлік қозғалыстарынан кейбір жағдайда ол қиыншылық тудырады. Ал адам өмірі олардың жылдамдықтарына байланысты.
Рейд өткізу барысында, Көкшетау қаласының Жол полициясы басқармасының патрульдік автокөлігі мен №10 өрт сөндіру бөлімінің автомобилі жұмылдырылды.
автокөлік жүргізушілерінің назарын жолда жүру ережесінің мамандандырылған техникалары мен өрт сөндіру автомобильдерінің сәйкес талаптарына аударамыз:
- мамандандырылған автомобиль дабылдағыш сиреналарымен жолдан өту барысында әрбір жүргізуші оларды өткізуге міндетті.
- дабылдағышы бар көліктер жақындаған кезде жүргізушілер әрқашан жол берулері тиіс.
- көлікті қоятын тұраққа автокөлікті қойған кезде міндетті түрде мамандандырылған автомобильге орын қалдырылуы тиіс. Жүргізушілер! Мұқият болыңыздар! Жол ережесін бұзбаңыздар!
 
Ақмола облысы ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы