19 Jambyl konkurs 1 Өткен апатада, Ақмола облысында азаматтық қорғау қызметкерлері арасында Республикалық «Полиглот» байқауы өткізілді. Жамбыл облысының атынан, Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің Шу ауданы, Шу қаласы №5 Өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі Нәдірбек Есенаман қатысты.
Есенаман өзін Республикалық және облыстық байқауларда озін өте сауатты және білімді қызметкер ретінде көрсетті. Байқау көрермендері оның патриоттық сезіммен шығарма оқу кезінде әрбір сөзін аса назармен тыңдап, таң қалатыны рас. 19 Jambyl konkurs 2 Республикалық байқау кезінде, Есенаман өзің жақсы жағынан көрсете отырып, белсенді қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.
Нәдірбек Есенаман, ұлы ақын Абай Құнанбайүлының 175 жылдығына арналған эстафетаны шілде айында от жауынгерлердің ішінен ең бірінші болып қолдаған болатын. Есенаманның мәнерлеп оқу видеосы Жамбыл облысы ТЖД Instagram желісіндегі парақшасында жарияланып, көптеген оң пікірлер жинады.
Өз кезегінде Есенаман мамандығымен бірге шығармашылықты да бірге алып, өзін барлық бағытта дамытуға тырысып жүр. Ол Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің жас қызметкерлер арасында белсенділердің бірі болып, түрлі іс-шараларға белсенді қатысады.
 
Жамбыл облысы ТЖД
Өрт сөндіру қызметінің
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы