20 Aqmola Rybalka Күзгі кезең қарсанында, Ақмола облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Көкшетау және Щучье қалаларының барлық аңшылық және балық аулау дүкендерінде профилактикалық рейдтер жүргізуде.
Рейд жүргізу барысында, құтқарушылар аңшылық және балық аулау жабдықтарын сатып алушыларға күзгі балық аулау мен аң ату маусымында суда қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша жадынамалар мен буклеттер таратты.
«Күз - барлық аңшылар мен әуесқой балықшыларға жақсы уақыт. Дәл осы кезеңде балықтар белсенді түрде көректене бастайды және құстар жылы жаққа ұшуға дайындалып жатады. Ақмола облысының өзендері мен су айдындарында дәстүрлі түрде көптеген балықшылар мен аңшылар пайда болады. Өкінішке орай, аңмен балық аулау құмарлыққа ұмтылғандардың көбісі қауіпсіздік ережелерін ұмытып кетеді. Мұндай ұқыпсыздық олардың өмірін қиюы мүмкін. Аңшылық маусымының ашылуына байланысты, Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары барлық аңшылар мен балықшыларға өте сақ болуы және судағы қауіпсіздік шараларын сақтауларын өтінеді. Ең алдымен, қайықтардың және тағы да басқа жүзу құралдарының ақаусыз болуы сонымен бірге онда құтқару кеудешелері мен шеңберлері, жилеттер және су сарқитын ыдыстар болғанына назар аударыңыз» деп Ақмола облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» бастығы орынбасарының міндетін атқарушы және Жедел-құтқару жасағының басшысы Марат Бурбаев әнгімеледі.
Естеріңізге сала кетейік, күзгі аңшылықпен балық аулау кезеңі жақындап келеді. Ақмола облысының құтқарушылары облыстағы аңшылар мен балықшыларға күзде су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі туралы хабарлайды.
 
Ақмола облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ»
Жедел-құтқару жасағы