22 Atyrau Obu4enie 1 Өрт қауіпсіздігі айлығының шеңберінде Атырау облысы ТЖД қызметкерлерімен Атырау қаласының білім беру мекемелерінде оқушылармен және оқытушылық құраммен жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау тақырыбында профилактикалық сабақтар өткізілуде.
Басты міндетіміз – тұрғындар мен балалар арасында қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыру. 22 Atyrau Obu4enie 2 Келеңсіз жағдайларды болдырмас үшін балаларға отпен ойнаудың салдары мен төтенше жағдайлар кезінде өзін ұстау тәртібін жеткізу қажет. Балаларға қаламызда орын алып жатырған өрттердің негізгі себептері айтылып, өрт кезіндегі іс-әрекеттер түсіндірілді. Сабақ барысы күзгі-қысқы кезеңдегі тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі шаралары бейнеленген көрнекі құралдарды қолдану арқылы жүргізілді. Балалар назарларына ұсынылған өрт қауіпсіздігі тақырыбындағы бейнероликтерді аса қызығушылықпен қарады.
22 Atyrau Obu4enie 3 Сондай-ақ, жалпы білім беретін мекемелердің мұғалімдерімен де профилактикалық түсіндіру жұмыстары атқарылды. Мекеме басшылығына қызметкерлерін өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқамадан өткізгеннен кейін жұмысқа қосу қажеттілігі ескертілді.
Өртті байқаған бала бірден «101» немесе «112» телефон нөмірлері арқылы өрт сөндіру қызметін шақыру керек. Мүмкіндігінше жылдам жанып жатырған бөлмеден шығып, түтін шықпас үшін есікті жабу қажет, бірақ кілтеуге болмайды. Өрт кезінде лифт қолдануға болмайды. Сондай-ақ, жанып жатырған пәтерге ауа ағынын шектеу үшін есік пен терезелерді ашпаған дұрыс. Егер де далаға шығу мүмкін болмаса, балконға шығып, есікті мықтап жауып, өтіп бара жатырған адамдардың назарын аударуға тырысу қажет.
 
Э.К. Гумарова
Атырау қаласының ТЖБ аға инженері
азаматтық қорғау майоры