23 AktoBe ReiD Өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз ету – азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің басты тапсырмаларының бірі. 2019-2020 жылдардағы жылыту маусымынан бастап, Ақтөбе облысының ТЖД қызметкерлерімен жеке сектордағы отбасы төмен тұратын тұрғындарымен аула аралау өткізіліп, жылыту маусым кезеңдегі өрт қауіпсіздігі іс шаралары туралы түсіндірілді.
Аралау барасында үй тұрғындарына өрт шыққан кездегі алғашқы кезектегі әрекеттері, тұрмыстағы өрт қауіпсіздік шаралары жеткізілді. Жылыту пештерін, электр жабдықтарының газдық құрылғыларының күтіп-ұстайға және пайдалануға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар кішкентай балаларды үйде қараусыз қалдырмауға шақырды. Өрт қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтамау қайғылы оқиғалар тудыруы мүмкін.
Тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адамдардың өмірі мен денсаулықтарын сақтау мақсатында келесідей өртке қарсы іс-шараларды орындау қажет:
- ақауы бар немесе қолдан жасалған электр жабдықтарын пайдаланбаңыз, қосулы тұрған электр жабдықтарын қараусыз қалдырмаңыз;
- жылыту маусымы алдында пеш пен түтіндікті күйеден тазалаңыз;
- жанып тұрған пешті қараусыз қалдырмаңыз, жас балаларға жанып жатқан пешті қарауды тапсырмаңыз;
- отынды, басқа да жанғыш заттар мен материалдарды пеш алдына жақын орналастыруға тыйым салынады;
- заттарды, киімдерді пешке жақын кептірмеңіз;
- балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмаңыз.
 
Ақтөбе қаласыныңТЖБ