24 Aqtobe 1 Жылдың суық мезгілінде жылу беру құралдарын пайдаланған кезде өрттер мен улы және табиғи газбен улану оқиғаларының алдын алу және оларды болдырмау мақсатында Ақтөбе қаласының ТЖБ қызметкерлерімен тұрғын үй секторында (халықтың әлеуметтік осал топтары) рейд жүргізілді.
Рейд барысында ТЖ қызметкерлері тұрғын үй иелеріне (120 үй және 480 тұрғындар) улы газ қаншалықты қауіпті екендігін ескертіп, статистиканы мысалға келтіріп, улы және табиғи газбен улану оқиғаларының алдын алу шараларын түсіндірді.
24 Aqtobe 2 Өрттер мен улы және табиғи газбен улану оқиғаларының негізгі себептері туралы қайталап шаршамаймыз - бұл жылыту пештерін пайдалану ережелерін бұзу, ақаулы газ құралдары мен қолдан жасалған электрлі жылыту құралдарын пайдалану, сонымен қатар отпен абайсыз болу.
Түсіндіру жұмыстарын жүргізу кезінде тұрғындар арасында тұрғын үйлерде тұрғын үй өрт қауіпсіздігін сақтау жөнінде жадынамалар таратылды.
24 Aqtobe 3 Ақтөбе қаласының ТЖБ жылыту мауысымы кезеңінде қарапайым қауіпсіздік ережелерді кезекті рет еске салады:
- бұзылған электр құралдарды қолданбаңыз;
- оқшаулануы бұзылған электрсымдарды қолданбаңыз;
- бір уақытта желіге екі және одан да көп электр құралдарды (шамдар, плиталар, үтіктер және т.б.) қосуға болмайды;
- газ және су құбырларында, жылыту жүйесінің батареяларында сымдарды бекітіп қоюға болмайды;
- есік табалдырығынан, кілемдер астынан ұзартқыштың кабелдерін салуға болмайды.
Өрт туындаған жағдайда дер уақытта «101», «112» телефоны бойынша хабарласыңыздар (объект мекен-жайын, өрт туындаған жерді, сонымен қатар өз тегіңізді айту керек).
 
Ақтөбе қаласының ТЖБ