19 1 21 тамызда Атырау автодромында жүргізушілер арасында «Өрт сөндіру автокөлігінің үздік жүргізушісі» конкурс-байқауының соңғы кезеңі өткізілді. Ереже бойынша байқау екі кезеңнен тұрды командалық жарыс және үздік жүргізуші.
Байқауға Атырау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» ММ нің 12 өрт сөндіру бөлімдерінің командалары, жалпы есеппен 24 жүргізуші және 4 бірлік өрт сөндіру автокөліктері қатысты.
Бірінші кезең бойынша қатысушылар ашық су көзінен су алу арқылы нормотивті жылдамдықпен орындады. Бұл кезең қорытындысы бойынша: 1орынды №3 ӨСБ иеленді, 2 орынды №5 ӨСБ алды, 3орынды №2МӨСБ нің командасына бұйырды.
Келесі кезеңде өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушісі мен өрт сөндірушіге АЦ-2,5-40 (ЗИЛ-4333) өрт автокөлігін жылдамдықпен жүргізу және өрт жеңді оқпанмен су беру міндеттелді.
Өрт автокөлігін мәнерлеп жылдамдықпен жүргізу үшін төмендегі жаттығулар енгізілді: «Змейка», «Сегіздік», «Бокс», «Тұраққа шығу», «Тоннель қақпасы», «Соқпақ», «Тоқта».
Өрт автокөліктері жүргізушілері бір-бірімен жолда жылдамдық тәсілінде кезеңдерді жеңіп шығу және тұраққа тұруда дәлдік пен ептіліктерін көрсетіп жарысты. Бұндай жарыстар қиын жолдар жағдайында өрт автокөліктері жүргізушілерінің дайындық деңгейін көрсетеді.
Жылдам орағыту жарысы өткізілгеннен кейін қазылар алқасы төмендегідей қорытынды жасады. Өрт автокөлігін жүргізуде үздік болып Құлсары қаласы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жүргізуші-қызметкері азаматтық қорғау аға сержанты Н.Оразов танылды.
Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марпатталды.
Өрт сөндірушілердің төтенше жағдай орнына қаншлықты тез жетуі, өрт сөндіру машинасы жүргізушісінің кәсібилігіне байланысты. Осы жігіттердің ептілігінің арқасында күн сайын бүкіл ел бойынша өрттен кем дегенде бірнеше адам өмірі құтқарылуда...
19 2 19 2 19 2 19 2 19 2
Атырау облысы ТЖД
«ӨСжАҚЖҚ» мемлекеттік мекемесі