Принтерге шығару
22 1 Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың мамандарын даярлау мақсатында 2019 жылғы 21-22 тамыз аралығында Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің оқу сыныбында "Қауіпті өндірістік объектілердің басшылары мен мамандары"санаты бойынша тыңдаушылармен азаматтық қорғау саласында оқыту ұйымдастырылды және өткізілді.
Оқыту барысында тыңдаушыларға презентациялар көрсетіліп, лекциялар оқылды, сыныптық-топтық сабақтар өткізілді, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі туралы деректі оқу фильмдері көрсетілді. Департамент мамандары тыңдаушыларға азаматтық қорғаныс, құтқару қызметтері, байланыс және құлақтандыру, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі және судағы қауіпсіздік бойынша нормативтік құжаттарды жан-жақты түсіндірді. Тыңдаушылар танымдық ақпаратты, соның ішінде психологиялық және медициналық дайындық бойынша практикалық сабақтарды үлкен қызығушылықпен қабылдады.
Оқу-жаттығу барысында азаматтық қорғаныс бөлімінің қызметкерлері жоғарыда аталған ұйымдардың өкілдерімен департамент бастығының орынбасары подполковник Ерік Сарыбаевтың төрағалық етуімен дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел барысында санатталған ұйымдарда жергілікті хабарлау жүйелерін, атап айтқанда сиренно-сөйлеу қондырғыларын орнатуға баса назар аударылды. Аталған санатталған объектілердің азаматтық қорғау құралымдарын жеке қорғау құралдарымен, радиациялық, дозиметриялық және химиялық бақылау аспаптарымен материалдық-техникалық жарақтандыру да шетте қалған жоқ.
Оқу және дөңгелек үстел жоғары әдістемелік деңгейде өтті, азаматтық қорғау саласындағы проблемалық мәселелерді белсенді талқылау, түрлі тақырыптарда дисскуссия, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы аумағында азаматтық қорғаныстың одан әрі дамуына шешім әзірлеу
Оқу курсын аяқтағаннан кейін тыңдаушылар тест тапсырды, оларға үлестірме материалдар, жадынамалар, плакаттар және буклеттер түрінде әдістемелік көмек көрсетілді. Оқу қорытындысы бойынша тыңдаушыларға тиісті үлгідегі сертификаттар берілді.
22 2 22 2 22 2 22 2 22 2
Қуат Махметов
СҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс бөлімнің
аға офицері, капитан