Принтерге шығару
26 1 Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті жыл сайынғы «Полиглот» тіл сайысын өткізді.
Мерекелік шараның басты мақсаты, Н.Ә.Назарбаев бастаған үш тұғырлы тіл саясаты. Мамандардың қазақ,орыс және ағылшын тілдерін еркін білу дағдыларын арттыру және көп ұлтты мемлекеттімізде ана тілді дамыту болып табылады.
Мерекелік шараға елордалық ТЖД қызметкерлері және өрт сөндіру қызметкерлері белсенді қатысты. Және де сайыс «ӨСжАҚЖҚ»ММ басшысының міндетін атқарушы азаматтық корғаныс полковнигі Р.С. Екишев, ТЖД Баспасөз қызметі басшысы А.Ж. Фазылова, Нұр-Сұлтан қаласы КСБ азаматтық қорғау майоры Жудурукова Г.З., Нұр-Сұлтан қаласы «САНА» білім беру орталығының мұғалімі Жандосова А.К. төрешілік етті.
Сайыс барысында әрбір қатысушы тапсырмаларды орындау арқылы өзінің үш тілді жетік меңгергенін көрсете білді. Конкурс төрт кезеңнен тұрды: таныстыру,терминтану,танымдық сұрақтар,жағдаяттық тапсырма. Сонымен қатар елордалық құртқарушылар өздерін жаңа қырларынан танытты. Жаңа реформаға байланысты латын тілінде сөйлеу, жазу дағдыларын көрсетіп, шет тілі болашақтың кілті екендігін пайымдады. Мерекелік кеште құтқарушылар өз өнерлерін де көрсете білді. Құтқарушылар қара күшпен ақылды ғана ұштастыра қоймай, ата-баба дәстүрін қайта жаңғыртты. Ана тілге, салт-дәстүрге деген патриоттық құрметін дүйін жұртқа паш етті.
Сайыс нәтижесі бойынша – бірінші орынды Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ №6 ӨСБ инженері - Имаматдинов Нұрлыбек,екінші орынды «ӨС және АҚЖҚ» ММ №13 ӨСБ кіші инспекторы- Алашбаева Ақерке, үшінші орын-
Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД «Байқоңыр» ауданының ТЖБ инженері Жұмабеков Аслан иеленді. Сайыс жеңімпаздары және қатысушылары дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Атап өтсек, сайыс жеңімпазы Имаматдинов Нұрлыбек қырқүйек айында Ақмола облысы Көкшетау қаласында өтетін республикалық конкурсқа жолдама алып, астаналық ТЖ департаментінің намысын қорғайды.
26 2 26 2 26 2 26 2