Принтерге шығару
27 2019 жылғы 21 тамыз күні Павлодар облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және АӨК мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары Алмас Сұлтанұлы Батановтың төрағалығымен ТЖ департаментінің бастамасымен орман-дала өрттерінің алдын алу және жою, сондай-ақ егіс алқаптары мен шабындық алқаптардың жануына жол бермеу бойынша өзекті мәселелер қаралды.
Кеңеске облыстың қалалары мен аудандары әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ тиісті мемлекеттік мекемелердің бірінші басшылары қатысты.
ТЖ департаменті бастығының орынбасары полковник Самат Талғатұлы Асайынов ағымдағы жағдай, табиғи өрттердің өсуі және оларға келтірілген шығын туралы баяндады. Сондай-ақ, ауылдық округтердің орман шаруашылығы мекемелері мен ерікті өртке қарсы құрылымдарының жабдықталуына назар аударды.
Сондай-ақ, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау аумақтық инспекциясының, қоршаған орта және су ресурстары және ауыл шаруашылығы жер қойнауын пайдалану басқармаларының басшылары, сондай-ақ қалалар мен аудандардың бірқатар әкімдері тыңдалды.
Кеңес қорытындысы бойынша төрағалық етуші орман-дала аумақтарын, шабындық және егістік алқаптарды сақтауға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізуді тапсырды.
Павлодар облысы ТЖД
Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және
азаматтық қорғау саласындағы бақылау
басқармасы