28 1 Ақтөбе облысы Байғанин ауданының аумағында 19 тамыздан бастап азаматтық қорғаныс бойынша ауқымды кешенді оқу-жаттығу өріс алды. Оқу-жаттығудың бірінші минутынан бастап тұрғындар арасында үрейленудің алдын алу мақсатында аудандық ақпарат қызметі бұқаралық ақпарат құралдары, телерадиоарналар, Whatsapp, Instagram, VK әлеуметтік желілер арқылы тұрғындарды хабардар етуді ұйымдастырды. Мешіттердің, мәдениет үйлерінің шатырынан, стационарлық және ұтқыр дауыс зорайтқыш құрылғылардан тұратын арнайы автокөліктер пайдаланылды.
28 2 20 тамыз күні сағат 9.00-де ауданның азаматтық қорғау қызметінің басшылық құрамымен және ауылдық округ әкімдерімен кеңес өтті, онда күштер мен құралдардың ТЖ жоюға дайындығының жағдайы туралы (жұмыс картасы бойынша баяндамалар) тыңдалды.
Сағат 14.00-де циркулярлық шақыру тірегін және электрсиреналарды қосу арқылы басқару органдарын хабардар ету мақсатында «Дауыл 111» сигналы берілді.
28 3 ТЖК және азаматтық қорғау органдарының, ауылдық округтердің және эвакуациялық қабылдау комиссиясының құжаттарын зерделегеннен кейін азаматтық қорғау желісі бойынша құжаттар, карталар, жоспарлар ұсынылды, «ТЖ туралы ақпарат түскен кезде төтенше жағдайларды жою жедел штабының жұмысы» тақырыбында ауылдық округ әкімдерімен, ауданның АҚ қызметінің басшыларымен, жедел ден қою жасағының командирімен теориялық сабақтар өткізілді. Содан кейін, «Аудан картасында көрсету және шартты белгілер қою арқылы ТЖ жоюға шешім қабылдау» тақырыбында практикалық сабақ өтті.
28 4 Оқу-жаттығуларға қатысушылар эвакооргандар мен жинау-көшіру бекеті бастықтарының қатысуымен «Ақтөбе қаласынан эвакуацияланған халықты қабылдау және орналастыруды ұйымдастыру» тақырыбы бойынша теориялық сабақтан өтті.
Теориялық және практикалық сабақтар аяқталғаннан кейін «Әзір 222» сигналы берілді. Күн қорытындысы шығарылып, жіберілген кемшіліктер талқыланып, талданды және оқу-жаттығудың келесі күніне міндеттер қойылды.
Ақтөбе облысы ТЖД
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы