Принтерге шығару
29 1 Көкшетау қаласында «Полиглот-2019» облыстық байқауы аяқталды, оның қатысушылары Ақмола облысы ТЖ департаменті аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері болды.
Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары Қанат Доспаев қатысушыларға тілдерді білу-бұл күш!
29 2 «Жан-жақты дамыған полиглоттар еңбек нарығында әрқашан сұранысқа ие болады! Біздің ведомствода көптеген қызметкерлердің үш және одан да көп тіл білімі бар екендігі өте қуантады!Сіз қажетті білім деңгейін көрсетіп, облысымызды республикалық деңгейде лайықты көрсете аласыз деп сенемін!,- деп атап өтті.
29 3 Іс-шара барысында қатысушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жақсы меңгергендігін көрсетіп, әртүрлі төтенше жағдайларда тіл білуін қалай пайдалану керектігін, жазбаша және ауызша айтып берді.
Облыстық байқау төрт кезеңнен тұрды: таныстыру, үш тілде терминдердің мағынасын ашу, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, тұрмысы мен мәдениеті туралы сұрақтарға жауап беру, табиғи және техногендік ТЖ туралы жағдайды бағалау және сипаттау, сондай-ақ кириллицада экранда берілген сөздерді латын графикасына жазу.
29 4 Бұл сайыста «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ мемлекеттік тіл және ақпарат тобының баспасөз-хатшысы Гүлмира Каршалова бірінші орынды иеленді.Екінші орынды «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Зеренді ауданы 14-ӨСБ бөлімше командирі азаматтық қорғау аға сержанты Руслан Фролов, үшінші орынды «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Көкшетау қ. 2-МӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқаршысы азаматтық қорғау кіші сержанты Медет Шайсултанов алды.
Бірінші орын иегері Ақмола облысын республикалық деңгейде таныстырады.
Іс-шара Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында, сондай-ақ Қазақстан халқы тілдері күніне орай өтті.
Байқаудың мақсаты-мемлекеттік және орыс тілдерін ғана емес, сонымен қатар ағылшын және басқа да тілдерді меңгерген облыс ТЖД қызметкерлері арасында үздіктерді анықтау.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі